Орталық жаңалықтары

Компьютерлік жабдықтарды жаңарту

5/11/2020

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде жалпы саны 55 бірлік компьютерлік жабдықтар жаңғыртылды. AsRock h310cm-HDV аналық платалары LGA1151 ұяшығымен, 3.6 GHz жиілігі бар 8-ші буындағы Intel Core i3 процессоры, 4GB-де DDR-4 жедел жады және 240GB-де Kingston жылдам SSD дискілері орнатылды. Жаңғырту жұмыстары 4 корпуста 412 кабинетте 9 бірлік көлемінде, 8 корпуста 404 каб. саны 7 бірлік, 3 корпуста 321 каб. саны 9 бірлік, 7 корпуста 107а каб. 11 бірлік көлемінде және 2 корпуста 323 каб. саны 7 бірлік көлемінде жүргізілді.


Жаңа электронды оқу залының ашылуы

26/10/2020

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің екінші корпусының 4-қабатында 20 КОМПЬЮТЕРГЕ арналған жаңа оқу залы ашылды. Студенттер жоғары жылдамдықты Интернет қызметін қолдана алады және Irbis базасына қол жеткізе алады


Домендік атауды тіркеу

02/10/2020

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің талаптарына сәйкес 2 қарашаға дейінгі мерзімде ҚР барлық жоғары оқу орындары өздерінің домендік аттарын edu.kz домендік кеңістікте тіркеуі тиіс. Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті 2020 жылдың 2 қазанынан бастап buketov.edu.kz домендік атты толық пайдалануға енгізді< / p>

Енді Қарағанды университетінің ресми сайты жаңа домендік мекенжай бойынша барлығына қолжетімді.


Студенттерді компьютерлік техникамен қамтамасыз ету

10/09/2020

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің жатақханада тұратын студенттері карантин кезінде түрлі компьютерлік техникамен, атап айтқанда моноблоктармен, дербес компьютерлермен, құлаққаптармен және веб-камералармен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, студенттер интернетке тұрақты және жоғары жылдамдықты қол жеткізумен қамтамасыз етілген


Система контроля доступа

01/09/2020

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің бас және екінші корпусында жеке басын верификациялай отырып, қолжетімділікті бақылау жүйесін орнатты. Қауіпсіздіктің кешенді жүйесін "тексеру" бейне сәйкестендірумен қол жеткізуді бақылауды ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Модуль күзет қызметі қызметкерінің жұмыс орнына орнатылады және өтіп жатқан қызметкердің жеке басын немесе бейнекамерасы бар суретті және қауіпсіздік жүйесінің деректер базасында сақталатын оның фотосын салыстыра отырып, қолжетімділік картасының иесін сәйкестендіруге мүмкіндік береді.


Талшықты-оптикалық желіні құру

25/08/2020

Ақпараттық технологиялар және телекоммуникация орталығының инженерлері Университетская көшесінде орналасқан №1-4 жатақханалар мен Мұқанов көшесінде орналасқан №5-6 жатақханалар арасында оптикалық-талшықты желі жүргізді. Сондай-ақ, оптикалық-талшықты желіге "Университетская" кафесі мен Қарағанды университетінің санаторий-профилакторийлері қосылды. Талшықты-оптикалық желі ұсынылатын интернет қосылысының сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Осы желі негізінде университеттің бейнебақылау жүйесі салынып жатыр